«Достық саябағы» ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Достық саябағы» ашылады

24.11.2015
«Достық саябағы» ашылады
«Достық саябағы» ашылады

Астана іргесінде «Достық саябағы» атты бақ ашылады. Бұл туралы бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен жиында белгілі болды. Жаңа саябақтың көлемі 200 гектар болмақ.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универсиеті мен Қытай ғылым академиясы Шыңжан экология және география институты арасындағы әріптестік қарым-қатынас дамып келеді. Қос ғылым ордасы Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарына тұзға және шөлге төзімді ағаштар мен бұталарды бейімдеу мәселесімен айналысып келеді. Бұл жобаның нәтижесінде Астананың «жасыл белдеуіне» жаңа ағаштар қосылуы мүмкін. Сонымен қатар, Ақмола облысы Целиноград ауданында ботаникалық бақ салу да жоспарда бар. «Достық саябағы» аталатын саябақ та осы ботаникалық бақтың аясында дүниеге келуі тиіс. Қазақстан мен Қытай ғалымдары осындай келісімге келіп отыр.

Бұдан бөлек қазақстандық студенттерге Қытай ғылым академиясы Шыңжан экология және география институтында биыл 10 грант бөлу көзделген. Магистратура мен докторантураға арналған бұл гранттар санын алдағы жылдары 50 ге жеткізу де қарастырылды.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу