Астанада «Бірлік» аллеясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Бірлік» аллеясы ашылды

17.04.2014
Астанада «Бірлік» аллеясы ашылды
«Атадан мал қалғанша тал қалсын». Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы қарсаңында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Бірлік» аллеясы ашылды.
 
Ассамблеядан сайланған Мәжіліс депутаттарының және облыстардан келген ұлттық орталықтар өкілдерінің қатысуымен жаңа баққа 67 көшет отырғызылды. «Астана көктемі» атты Наурыз мерекесіне арналған бағдарлама аясында өтіп отырған бұл шараның жалғасы ақ шаңқан үйлер маңыңдағы мерекелік думанға ұласты. 
 
Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, салт-дәстүрлерді дәріптейтін қойылымдар қойылып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар болды. Сонымен қатар, шараға келген қонақтар Наурыз көжеден және басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты. Мерекелік шара концерттік бағадарламамен жалғасты.
 
Тахир Балықбаев, ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi:
Бұл өте керек және көрегенді нәрсе деп айтуға болады. Егер сіз ағаш отырғызып жатсаңыз, ертең артыңызда сол ағаш қалып жатса, жеріңіз көгеріп тұратын болады. Сол жердің көгеруіне үлес қосып жатқан осы ұжымның жұмысына табыс тілейміз.
 
 
Аршат ӘДІЛЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу