Астанада Қазақстан – Корея достық бақшасы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан – Корея достық бақшасы ашылады

26.08.2015
Астанада Қазақстан – Корея достық бақшасы ашылады

Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізілді. 

Достық бақшасын құру мақсаты - серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады.

Кеңес қорытындысы бойынша, Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан – Корея достық бақшасы» жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу