Түркі академиясы мен Уфа ғылыми зерттеу орталығы меморандумға қол қойды
|
Бүгін «Түркі жазуы күні» атты екі күндік халықаралық форум аясында Түркі академиясы мен Ресей Ғылым академиясының Уфа ғылыми зерттеу орталығы арасында өзара ынтымақтастық меморандумы бекітілді. Оған Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі және Уфа ғылыми зерттеу орталығының тіл-әдебиет және тарих институты директоры, профессор Фирдаус Хисамитдинова қол қойды. Құжат екі жақтың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.
Бұдан соң Түркі академиясы шығарған Ресей және Қазақстан ғалымдарының бірқатар ғылыми еңбектерінің тұсауы кесілді. Олар: Ресей Федерациясы профессоры, филология ғылымдарының докторы Анна Дыбо құрастырған «Этимологический словарь тюркских языков» еңбегі, Ресей-Түркия ғылыми зерттеу орталығының директоры, профессор Дмитрий Васильевтің «Корпус тюркских рунических надписей Южной Сибири» кітабы; Татарстан Республикасы Ғылым академиясы тіл-әдебиет және тарих институты тіл білімі бөлімінің меңгерушісі, академик Мирфатых Закиевтің «Древнетюркская ономастика и ее морфонология» кітабы; еліміздің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымы, қытайтанушы, тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханұлының «Түркі тарихына қатысты көне қытай дереккөздері» еңбегі; Қазақстандық тарихшы-археолог Зейнолла Самашевтің, «Көне түркі графикасы» және философия ғылымының докторы, профессор Ғарифолла Есімнің, «Түркі әлемінің ойшылдары кітабы» атты туындысы.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында 1 шақырымнан астам аумақ тазартылды
16.04.2026, 20:28
Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату үшін 5 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген егілді
16.04.2026, 20:26
Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
16.04.2026, 20:24
Түркияда халықаралық парламент ассамблеясының 152-отырысы өтіп жатыр
16.04.2026, 20:22
«Әділет» партиясы тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат өткізді
16.04.2026, 20:21
Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баратын Қазақстан азаматтарына ескерту жасады
16.04.2026, 20:20
Таяу Шығыстағы соңғы ахуал
16.04.2026, 20:17
Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық бастамаларын қолдауға дайын
16.04.2026, 20:17