Басты Жаңалықтар Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады

Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады

Қанипа Бітібаева - қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесіне жаңа бағыт қалыптастырған көрнекті педагог. Ол алғашқылардың бірі болып Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытуға арналған ғылыми еңбектер жазып, «Абайтану» курсын мектеп бағдарламасына тұңғыш рет енгізді. Ұстаз қаламынан 41 кітап пен 200-ден астам ғылыми-әдістемелік мақала туған. Оның сабақта қолданатын «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өскемендегі Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында Қанипа Бітібаеваның есімі берілген республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана жұмыс істейді. Мұнда ұстаздың педагогикалық мұрасы, ғылыми еңбектері сақтаулы.  

Бақытгүл Ауғанбаева, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты директорының орынбасары:

Қанипа Омарғалиқызының методикасын жұмысымызда пайдаланамыз. Жалпы, республиканың ұстаздары пайдаланып жүр. Ол - «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы. Мұғалім менің технологиямды барлық пәнге пайдалануға болады деген сөз айтқан. Сондықтан біз өзіміздің мектептің базасында тек қана қазақ тілі сабағанында ғана емес, орыс тілі, тарих, ағылшын тілі сабақтарында қолданымыз. Ол республикалық авторлық бағдарламалар жарысында бірінші, екінші орындарды иеленді.  

Бөлісу