Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
Жедел жәрдем қызметінің жұмыс тәртібі өзгерді. Енді тұрғындар бригаданың қозғалысын такси секілді картадан бақылай алады. Ал шақыртуға шығатын медицина қызметкерлері арнайы бейнежетон тағуға міндетті. Аймақтағы әріптесім Ернұр Уәлихан тарқатады.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Төрт ай пилоттық режимде жұмыс істеген жоба өз тиімділігін көрсетіп, штаттық режимде іске қосылды. Шақырту тіркелген сәттен бастап бригаданың қозғалысы онлай режимде бақыланады. Шақыртушының телефонына SMS арқылы арнайы сілтеме жіберіледі. Сол арқылы науқастың өзі немес туаған туыстары көліктің қай жерде қанша уақытта келетінін бақылап, көріп отыра алады.
Әзірге жаңа тәртіп өмірге тікелей қауіп төнген бірінші санаттағы шақыртуларға ғана қатысты. Мұндай кезде жедел жәрдемнің әр минуты маңызды. Ал бригаданың қозғалысын бақылау мүмкіндігі диспетчерлерге түсетін жүктемені азайтуға ықпал еткен.
Аймира Ариф, диспетчер:
Жүрек ауруы жүкті әйелдердің асқынуы және дтп судорога секілді аурулар бірінші санатқа жатады. қай жерде қайда келе жатыр деген сұрақтар мен тоқтаусыз перезвондар көп болатын. Қазіргі уақытта арыз шағым перезвон мен бізге артылатын жүктеме де азайды.
Жедел жәрдем бригадалары тәулігіне 2 мыңнан астам шақыртуға шығады. Соның ішінде 150-ден астамына көлік бағытын бақылауға мүмкіндік беретін сілтеме жолданады. Тұрғындар да цифрлық жүйе арқылы көрсетілген қызметтің сапасын бағалай алады.
Әлғайша Қамиева, қала тұрғыны:
Әпкем ауырып қалды. Жасы сексен екіде. Бүгін азанда мен үйде болмадым. Келсем, құсып, басы ауырып жатыр екен. Талып қалды. Жедел жәрдем шақырдым. Қан қысымын өлшедік. Картадан жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын көріп отырдық. Жақсы, тез келді.
Науқасқа көрсетілетін көмектің дер кезінде жетуі жолдағы жағдайға да байланысты. Шымкентте жедел жәрдем көліктерінің GPS деректері ақылды бағдаршам жүйесімен байланыстырылған. Бұл шұғыл шақырту кезінде көліктерге «жасыл дәліз» ашуға мүмкіндік береді.
Мұхит Кемелов, қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы:
GPS-трекерлердің бастапқы деректерін алып, өз жүйемізге енгіздік. Оларға арнайы ақылды бағдаршамдар жүйесі арқылы «Жасыл дәліз» ұйымдастырдық. Соның арқасында бүгінгі таңда бірінші санаттағы жедел жәрдем шақыртуларына 5–10 минут ішінде жетіп барамыз.
Жаңа тәртіпке сай төртінші санаттағы шақыртулар енді «шұғыл емес жағдайлар» деп өзгертілді. Алайда жедел жәрдемнің келу уақыты өзгерген жоқ. Бұдан бөлек, фельдшерлер енді бейнежетон тағуға міндетті. Құрылғы көмек көрсету барысын аудио және бейнежазбаға түсіріп, жанжал туындаған жағдайда оқиғаның мән-жайын анықтауға көмектеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы