Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың елімізге сапары аясында бүгін Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысы өтті. Бас қосуда оннан аса келісім жасалды. Сондай-ақ мәртебелі меймандар Әлем AI халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады. Ал білім саласына арналған жиында Қазақстан мен Бельгия арасындағы байланыс айтылды.
Іскерлік кеңестің төртінші отырысы. Қазақстан мен Бельгия тарапы сан түрлі сала бойынша келісім жасап, серіктестікті одан әрі арттыра түспек. Алмасқан құжаттардың басым бөлігі - ауыл шаруашылығы саласына бағытталған.
Мемлекет басшысы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында мәртебелі меймандарға ілтипат білдірді. Президент король мен патшайымның осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіретінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Елімізде агроөнеркәсіп кешені, денсаулық сақтау, фармацевтика, озық технологиялар мен энергетика салаларында 100-ден астам бельгиялық және бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істейді. Екіжақты сауда көлемінің өсіп келе жатқаны қуантады. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-саттық шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар сауда үдерістерін жеңілдету және тауар айналымы өсімін арттыру үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз қажет. Сонда ғана халықтарымыздың қалауына қол жеткізетінімізге сенімдімін. Қазақстан Бельгияның Орталық Азия аймағындағы ірі сауда серіктесі саналады.
Президент көлік-логистика қарым-қатынасты нығайтатын негізгі бағыттардың бірі саналады деді. Қазақстан өнімділікті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, сондай-ақ су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға баса мән беретінін айтты. Сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту, заңнаманы жетілдіру, адал бәсекені қорғау және инвесторлармен тікелей диалог өрбіту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды. Ал Король Филипп Брюссельде және Астанада Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға қажетті алғышарттардың барлығы бар екенін атап өтті.
Филипп, Бельгиялықтар Королі:
Географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуының және мол табиғи ресурстарының арқасында Қазақстан әлем экономикасында ерекше орны бар аймақтық сауда, инвестиция және жасыл экономиканы дамыту орталығына айналды. Мұның бәрі ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге шынайы негіз болады.
Іскерлік кеңестің төртінші отырысында оннан аса келісім жасалды. Тараптар серіктестіктің арта түсетініне сенімді.
Мамадияр Қадырбеков, «Dana trade» компаниясының негізін қалаушы:
Бельгиямен бірінші рет жұмысты бастайын деп жатырмыз. Біз лион жіберетін боламыз. Бір жылға қол қойдық, 40 мың тонна , шамамен 50 млн доллар орта есеппен.
Анри-Франсуа Вандепютт, Vandeputte Huilerie компаниясының әкімшісі:
Біздің компаниямыздың атауы — Van Putter. Біз зығыр майын өндіруші компаниямыз. Бүгін біз үшін маңызды күн. Себебі біз Қазақстанның үш компаниясымен осы маусымда зығыр тұқымын жеткізуге қатысты негіздемелік келісімшарттарға қол қойып жатырмыз.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бельгиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 15 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салған. Қазақстан мен Белья арасындағы сауда айналымы былтыр 582 млн доллар болды. Бұл серіктестіктің ауқымы одан әрі арта түспек. Өйткені бүгінгі Іскерлік кеңестің төртінші отырысында тағы да 17 келісім жасалып, тараптар құжат алмасты. Енді, міне, Президент пен мәртебелі меймандар Әлем AI орталығына келді. Өйткені Қазақстанның цифрлық шешімдері және жасанды инттелект бағытындағы жетістіктері бельгиялықтар үшін мол тәжірибе болмақ.
Әлем AI орталығымен танысқаннан кейін білім саласына арналған жиын өтті. Бұл бағытта да Қазақстан мен Белгия арасындағы байланыс көп.
Жансейіт Түймебаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бельгиялық мәртебелі меймандардың мемлекеттік сапары өте қарқынды әрі табысты өтіп жатыр. Бүгін екінші күн аяқталуға жақын. Жасалған келісімдерге қарап, Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды деп айтуға болатындай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы