Талғат Мамашев: Қазір келіп жатқан оралмандарды қинап жүрген көші-қон полициясы
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы оралмандар азаматтығына қатысты заңды тездетуді сұрайды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының орынбасары Талғат Мамашев мәлім етті. Отырыста еліміздегі ішкі және сыртқы көші-қон проблемалары талқыланған болатын,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өткен жолы Ресей Қырымдағы жағдай аясында азаматтық алуға қатысты заңды бір күннің ішінде қабылдады. Ол бойынша өтініш берген адам бір күннің ішінде Ресей азаматтығын ала алады. Бұл біз үшін де аса қажет тәжірибе. Өйткені, Қазақстанның көші-қон туралы заңнамасын өзгерту ұзаққа созылып кетуі мүмкін», - деді Т.Мамашев. Бұл ретте қауымдастық өкілі оралмандар мәселесіне арналған заң жобасының сөзбұйдаға салынып, ұзаққа созылып кетпеуіне қатысты депутаттарға тілегін жеткізді.
«Мәжіліс депутаттарынан сұрарым, осы заң жобасын тездетейік. Кезінде оралмандар азаматтығына кедергі жасайтын осы заңды да у-шусыз бір күннің ішінде қабылдадыңыздар ғой, ендеше сондағы олқылықты түзетуді де бір айдан асырмасақ екен», - деді қауымдастық Төрағасының орынбасары.
Бұдан бөлек, Т. Мамашев оралмандардың көші-қонына қатысты мәселе көтеріп, әсіресе көші-қон полициясы тарапынан кедергілер шаш етектен екенін алға тартты.
«Қазір келіп жатқан оралмандарды қинап жүрген көші-қон полициясы. Шеттен келетіндер үшін кедергілер болғанына қарамастан Атажұртына асығатындар баршылық. Ал солардың өзіне түрлі анықтамаларды үйіп-төгіп сандалтудың қажеті қанша? «Қытайдан сотталмағаның туралы анықтама әкел, тұрғылықты орыннан есептен шыққаның туралы анықтама керек» деген секілді ақымақ талаптарды қойып, қандастарды жылатып жатыр. Ал ондай талап ешбір заңда көрсетілмеген. Мұны тоқтатуымыз керек», - деді Т. Мамашев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07