Қырғыз үкіметі отставкаға кетті
Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды «Азаттық». 18 наурызда «Ата-Мекен» партиясы басқарушы коалиция құрамынан шығатындарын мәлімдеген.
Заң бойынша, 2012 жылдың қыркүйегінен бері премьер-министр қызметінде болған Жантөрө Сатыбалдиев пен оның үкіметі отставкаға кетуі тиіс.
«Ата-Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев премьер-министр Жантөрө Сатыбалдиев туралы «былтыр ірі қылмыскер түрмеден босатылып, кейін елден қашып кеткеннен соң үкіметті басқаруға моральдық құқығы қалмады» деген.
«Ата-Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев премьер-министр Жантөрө Сатыбалдиев туралы «былтыр ірі қылмыскер түрмеден босатылып, кейін елден қашып кеткеннен соң үкіметті басқаруға моральдық құқығы қалмады» деген.
Сонымен қатар, «Ата-Мекен» партиясы үкімет басшысын «Қырғыз Республикасы өз үлесін арттыруды көздеп, «Құмтөр» алтын кенішінің мәселесін де шеше алмады» деп те айыптаған.
Таратылған үкімет мүшелері жаңа үкімет жасақталғанша қызметін жалғастыра береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06