2 мамыр, жұма, 2014 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 мамыр, жұма, 2014 жыл

02.05.2014
2 мамыр, жұма, 2014 жыл
8 жыл бұрын (2006) Мойнақ су электр станциясының құрылысы басталды.
 
50 жыл бұрын (1964) Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының проректоры, музыкатанушы, композитор  Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА  дүниеге келді.
 
65 жыл бұрын (1949) КСРО-дағы алғашқы телерепортаж Мәскеудегі «Динамо» стадионынан жүргізілді.
 
68 жыл бұрын (1946) сәулетші, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  МұратбекЖАНДӘУЛЕТОВ дүниеге келді.
 
70 жыл бұрын (1944-2001) әнші-термеші Жақсылық СӘРСЕНҒАЛИЕВ  дүниеге келді.
 
70 жыл бұрын (1944) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Рүстем ЖАНАЕВ дүниеге келді.
 
76 жыл бұрын (1938) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Есенжол ДОМБАЕВдүниеге келді.
 
76 жыл бұрын (1938) жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәкен ИМАНАСОВ  дүниеге келді.
 
86 жыл бұрын (1928-1978) филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі  Кәкен АХАНОВ дүниеге келді.2 мамыр, жұма, 2014 жыл

Хабарламаларға жазылу