12 желтоқсан, жұма, 2014 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 желтоқсан, жұма, 2014 жыл

12.12.2014
12 желтоқсан, жұма, 2014 жыл

 

6 жыл бұрын (2008) БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның мүгедектер құқығы Конвенциясына және оның факультативті хаттамасына қол қою рәсімі өтті.

8 жыл бұрын (2006) Қарағандыда белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері, академик Е. Бөкетовтің ескерткіші ашылды.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Халықаралық «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің І конгресі болып өтті.

18 жыл бұрын (1996) Жамбыл қаласында 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай «Халық Қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткіш орнатылды.

23 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Мемлекеттік кеден комитеті құрылды.

23 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлығы шықты.

56 жыл бұрын (1958) Мәскеу қаласында Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.

60 жыл бұрын (1954) актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Сағат Ермағамбетұлы ЖЫЛГЕЛДИЕВ дүниеге келді.

85 жыл бұрын (1929-2011) актер, Қазақстанның Халық әртісі Қасым Әбенұлы ЖӘКІБАЕВ дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1928-2008) қырғыз жазушысы, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қырғыз Республикасы Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының  лауреаты Шыңғыс Төреқұлұлы АЙТМАТОВ дүниеге келді.

111 жыл бұрын (1903-2002) ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Араб Мақаұлы ҒАББАСОВ дүниеге келді.

 

Хабарламаларға жазылу