«Kazsport» хоккейден Әлем чемпионатындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының матчтарын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» хоккейден Әлем чемпионатындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

03.05.2016
«Kazsport» хоккейден Әлем чемпионатындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» РТРК» АҚ соңғы жылдары хоккейден Қазақстанның Ұлттық құрамасының Әлем чемпионатындағы матчтарын «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары арқылы көрсету құқына үш рет ие болды. 

2011 жылы «Қазақстан» телеарнасы қазақстандықтардың Әлем чемпионатының 1-ші дивизионындағы матчтарын Киевтен көрсеткен еді (Онда біздің команда Эстония, Ұлыбритания, Литва, Польша, Украина Ұлттық құрамаларын жеңіп, үздіктер қатарынан көрінді).

2013 жылы Будапешт қаласында өткен Әлем чемпионатының 1-ші дивизионынан трансляция ұйымдастырды (Онда қазақстандықтар Жапония, Ұлыбритания, Корея және Италия елдерінің ұлттық құрамаларын жеңіп, венгриялық спортшыларға ғана жол беріп, элиталы турнирге жолдама алды).

2014 жылы «Kazsport» телеарнасында Минскіде өткен Әлем чемпионатының жоғары дивизионының 15 матчы көрсетілді (Онда Германия, Беларусь, Латвия, Ресей, АҚШ, Швейцария және Финляндия елдерінің құрамаларына жол берген 7 ойыны мен плей-офф кезеңінің барлық 8 кездесуі көрсетілді).       

2016 жылы біздің командамыздың матчтарын көрсету құқығына ие болу бағытындағы жұмыстар өте күрделі жүрді. Осы уақытта Қазақстан хоккей федерациясының қаржылық қолдауымен келіссөздер аяқталуға таяу қалды.  Қазіргі таңда «Kazsport» телеарнасы Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық кездесулері мен Әлем чемпионатының финалдық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланып отыр. 

Ұлттық құрамамызға сәттілік тілеп, бірге қолдайық!

Қазақстан құрамасының топтық кезеңдегі матчтарының және финалдың кестесі (Астана уақыты бойынша):

7 мамыр (сенбі.) 15:15 – Швейцария – Қазақстан

8 мамыр (жексенбі) 15:15 – Қазақстан – Ресей

10 мамыр (сейсенбі) 23:15 – Қазақстан – Норвегия

11 мамыр (сәрсенбі) 23:15 – Швеция – Қазақстан

13 мамыр (жұма) 19:15 – Чехия – Қазақстан

14 мамыр (сенбі) 23:15 – Қазақстан – Латвия

16 мамыр (дүйсенбі) 23:15 – Дания – Қазақстан

22 мамыр (жексенбі) 23:45 – Финал.

Хабарламаларға жазылу