13 ақпан, жұма, 2015 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 ақпан, жұма, 2015 жыл

13.02.2015
13 ақпан, жұма, 2015 жыл

Дүниежүзілік радио күні.

2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-шы отырысында бекітілген.

2 жыл бұрын (2013) Астана қаласында Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында омыртқаға бірегей ота жасалды.

2 жыл бұрын  (2013) Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутник арнасы телевизия өндірісінің соңғы үрдістеріне жауап беретін жаңа графикалық әдіптеумен хабар тарата бастады.

2 жыл бұрын (2013) Корей ХДР 2013 жылғы 12 ақпанда жүзеге асырған ядролық сынаққа байланысты Женевадағы ҚР тұрақты өкілі Мұқтар Тілеуберді арнайы мәлімдемемен қарусыздану жөніндегі БҰҰ Конференциясының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі.

7 жыл бұрын (2008) Павлодардағы «Базальт технологиялары» ЖШС-інің жылу сақтайтын материалдар шығаратын жаңа кәсіпорнында алғашқы өнім шығарылды.

8 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген өнер кайраткері және Халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне берілді.

8 жыл бұрын (2007) қазақ жазушысы, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» ұлттық сыйлығының алтын медалімен марапатталды.

10 жыл бұрын (2005) «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасының аясында аты аңызға айналған Қазақстанның жазушы-жауынгері Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді.

12 жыл бұрын (2003) Алматыда ҚР Президентінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім І халықаралық конференциясы өтті.

22 жыл бұрын (1993) «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды.

74 жыл бұрын (1941) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балет труппасының меңгерушісі Эдуард Джабашович МАЛЬБЕКОВ   дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1940) Қaзaқстaн Республикaсының Хaлық әртісі, әнші, композитор Ескендiр Өтегенұлы ХAСAНҒAЛИЕВ  дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1936-1991) жазушы, очеркші, КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жанайдар Баймырзаұлы МУСИН  дүниеге келді.

100 жыл бұрын (1915) Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды.

Хабарламаларға жазылу