Бурабай курортты аймағындағы Абылай хан ескерткішінің ашылғанына – 22 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабай курортты аймағындағы Абылай хан ескерткішінің ашылғанына – 22 жыл

08.07.2016
Бурабай курортты аймағындағы Абылай хан ескерткішінің ашылғанына – 22 жыл

8 шілде, жұма, 2016 жыл

2 жыл бұрын (2014) Қазақстанның Халық әртісі  Айман Мұсақожаева және тұңғыш венгриялық ғарышкер Бертален Фаркаш Steinway & Sons әлемдік музыкалық брендінің Қазақстандағы өкілдігінің ашылуына қатысты.

2 жыл бұрын (2014) «Астана Моторс» компаниясы «Hyundai» маркалы жеңіл автокөліктерін Қазақстанда жинауды бастады.

6 жыл бұрын (2010) Алматыда ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатына ресми түрде қазақтың саяси қайраткері Мұстафа Шоқайдың қолжазбалары тапсырылды. 

7 жыл бұрын (2009) Павлодар облысының Ақсу қаласында Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтің ескерткіші ашылды.

22 жыл бұрын (1994) қазақстандық кинематография тарихында алғаш рет «Территория жизни» телехикаясының ресми тұсаукесер рәсімі өтті.

22 жыл бұрын (1994) Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақмола облысының Бурабай курортты аймағында Абылай хан ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.

22 жыл бұрын (1994) Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Президенттері кездесіп, көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Ортаазиялық ынтымақтастық және даму банкін құру туралы келісімге қол қойды.

40 жыл бұрын (1976) «Kazsport» телеарнасының директоры Павел ЦЫБУЛИН дүниеге келді.

45 жыл бұрын (1971) палуан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақша күрестен спорт шебері Қуаныш САЛЫҚБАЕВ дүниеге келді.

58 жыл бұрын (1958) Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1950) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам АДЫРБЕКОВ дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948) физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академияларының академигі, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, Қайнар университетінің ректоры Еренғайып ОМАРОВ дүниеге келді.

126 жыл бұрын (1890-1974) суретші, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960) Елизавета ГОВОРОВА дүниеге келді.

1065 жыл бұрын (951) Париж қаласының іргетасы қаланды.

Хабарламаларға жазылу