«KazEOSat-2» ғарыш аппаратын ұшыру дайындығы жоспар бойынша жүргізілуде - Қазғарыш - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazEOSat-2» ғарыш аппаратын ұшыру дайындығы жоспар бойынша жүргізілуде - Қазғарыш

18.06.2014
«KazEOSat-2» ғарыш аппаратын ұшыру дайындығы жоспар бойынша жүргізілуде - Қазғарыш
Қазақстандық екінші Жерді қашықтықтан зондтау жер серігін ұшыру бойынша дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі.
 
Жерді қашықтықтан бақылаудың қазақстандық жер серігі Гилфорд қаласынан Ресейдің Орынбор облысындағы «Ясный» ұшыру базасына 2014 жылғы мамыр айының ортасында жеткізілді.
 
«KazEOSat-2» - жерді орташа кеңістіктен 6,5 метрден бес мультиспектралды каналдан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты. Жер серігінің салмағы - 180 келі, орбитадағы қызмет ету мерзімі - 7 жыл.
 
Осыған дейін хабарлағанымыздай, апаратты ғарышқа жеткізетін «Днепр» зымырантасығышының «Ясный» ұшыру базасынан ұшырылуы биылғы маусым айының 19-нан 20-на қараған түнге жоспарланған.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу