Балалар үшін Интернетті қалай қауіпсіз етуге болады?

14 сәуір Алматыда интернет желісіндегі заңға қайшы контенттердің таралуына және балалар мен өскелең ұрпақты зиянды ақпараттардан қорғауға қатысты дөңгелек үстел өтеді. Шараны Қазақстанның Интернет Қауымдастығы мен Kcell ұялы байланыс операторы ұйымдастыруда.
Басқосуға ҚР Бас Прокуратурасы өкілдері және балаларды қорғау қоғамдық ұйымдары, бизнес-қауымдастық өкілдері мен қазақстандық танымал интернет-ресурстарының иелері қатысады.
Дөңгелек үстел шеңберінде талқыланатын тақырыптар:
- Мемлекеттік органдардың интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметі;
- Интернеттің зиянды әсерлерінен балалар мен өскелең ұрпақты қорғаудың әдістері мен жолдары.
Балалар порнографиясы, суицид, есірткі, ксенофобия, экстремизм мен лаңкестік әрекеттерге шақыруды насихаттау – бұл ғаламдық желінің балалар санасына төндіретін қауіптерінің толық тізімі емес. Қазақстанның Интернет Ассоциациясының мәліметі бойынша жедел әрекет желісіне 612 хат келіп түскен. Олар:
· желіде жәбірлеу және кеміту - 52,29 пайыз;
· расизм, ксенофобия - 26.63 пайыз;
· интернеттегі алаяқтық - 15.03 пайыз;
· заңға қайшы контенттің өзге де түрлері (лаңкестікті ақтау және насихаттау , жала жабу, жеке өмір құпиясы) - 6.2 пайыз.
Дөңгелек үстел барысында ғаламтордағы заңға қайшы контентті таратпау және онымен тиімді күрес жүргізу механизмдері талқыланады. Ұйымдастырушылардың пікірінше, интернет-пайдаланушылардың да белсене қатысқаны абзал. Safekaznet жедел желісі бойыша ғаламтордағы заңсыз контент жөнінде анонимді түрде хабарлауға болады.
Ол үшін http://www.safekaznet.kz сайтында электронды форманы толтыру жеткілікті. Жедел желінің сарапшылары контенттің орналасқан жерін анықтап, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, құқық қорғау органдары арқылы жою немесе жабу шараларын қолданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» - «Пафос»: Билет алыпсатарларына тосқауыл қойылады
15.10.2025, 10:10

Қоңыр өзенінің жағасынан мамонт сүйектері табылды
15.10.2025, 10:08
Анкарада Ақтаудың мәдени күндері өтті
15.10.2025, 10:07
Ресейде көмір өнеркәсібі дағдарысы тіркелді
15.10.2025, 10:05
Бангладеште денге безгегін жұқтырудың 50 мыңнан аса дерегі тіркелді
15.10.2025, 10:04
ХАМАС тағы 4 израильдіктің денесін қайтарды
15.10.2025, 10:03
Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық азайып келеді
15.10.2025, 10:02
Онлайн казиноны жарнамалағандардың табысы тәркіленеді
15.10.2025, 10:00