Түркістан облысында тағы 9 мектеп ашылды
Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілгендей, білім саласына жылдан жылға ерекше көңіл бөлініп, жеткіншектердің сапалы білім алуына жан жақты жағдай жасалып келеді. Мәселен еліміздегі білім беру мекемелерінің 14%-ы Түркістан облысында орналасқан. Мектеп жасындағы балалардың саны жөнінен де бұл аймақ көш бастап тұр. Өңірде биыл мектеп табалдырығын 50 мыңнан аса бала аттаса, 550 мыңнан аса оқушы орта білім алуда. Жаңа оқу жылы қарсаңында 98 мектеп жөндеуден өтіп, 9 білім ұясы ашылды.
Еліміздегі әрбір жетінші оқушы білім алатын
Түркістан облысында 100-ге жуық мектеп жаңа кейіпке еніп, материалдық
базасын жаңартты. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12 миллиард
теңге бөлінді. Білім беру нысандарының басым бөлігі «Ауыл – ел бесігі»
бағдарламасы аясында күрделі және жоспарлы
жөндеуден өтті. Солардың бірі Шаға ауылына қарасты Молда Мұса атындағы жалпы
білім беретін мектеп.
Өркен Шүленбаев, мектеп директоры:
Едендеріміз шұрық-тесік болып, терезеден жел уілдеді. Бұрынғы ағаш терезе және шатырымыздан әр жерден су кетті. Одан қалса, қатты желде шатыр ұшып, бірлі-жарым арасында. Шипырдың бәрі күнге күйіп кеткен еді. Жылу жүйеміз тозып, мектеп салқын болатын. Жылу жүйесінің бәрі шіріп, жарамай қалған еді.
Бұл мектепті жөндеуге былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында
республикалық бюджеттен 777 млн теңге бөлінген. Оның 250 млн теңгесі былтыр
игеріліп, оқу корпусы күрделі жөндеуден өтті. Биыл спорт залы
мен кітапхана, акт залы сияқты маңызды бөлігі жаңарды.
Ал бұл Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылынан жаңадан салынған 300 оқушыға арналған мектеп. Бұған дейін ескі,
ыңғайластырылған ғимаратта оқып келген жеткіншектер биыл заманауй үлгідегі
мектепте білім алуда. Құрылысына 1,9 млрд теңге жұмсалған үш қабатты ғимаратта
оқу кабинеттерінен бөлек, асхана, кітапхана, спорт залы, шеберхана және
медициналық кабинет қарастырылған.
Ғалымжан Орынов, Түркістан облыстық білім басқармасының
басшысы:
Өткен жылдары облысымызда Мемлекет тапсырмасына сәйкес 29 «Келешек мектебі» жаңадан ашылып, әске қосылған болса, биылғы жылы облыс бюджеті есебінен жаңадан 9 білім нысаны іске қосылып жатыр. Оның арасында бірқатар нысандар үш аусымды мектеп мәселесін, түбегейлі жойып, елге, халыққа мол мүмкіндік береді.
Мәселен
жыл басынан бері елімізде 59 мың оқушыға арналған 101 мектептің құрылысы
жүргізілуде. Қазіргі уақытта 5 мың 200 оқушыға арналған 12 мектептің құрылысы
аяқталды. Биыл 38 мың оқушыға арналған 72 мектептің құрылысын аяқтау
жоспарланса, тағы 15 мың 900 оқушы орнына арналған 17 мектептің құрылысы келер
жылға өтпелі жоба ретінде жалғасады.
Сондай-ақ 307 мектепті кешенді жаңарту жүргізілуде. Бұл 117 мыңнан астам
баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17