Құрылтай депутаты амандасу мәдениетін үйретті
Депутат Ерлан Сайыр мектепте балаларға амандасу әдебін үйретуді ұсынды. Қазақ қоғамында амандасу да өз алдына бір дәстүр ретінде қалыптасқан. Мәдени код ұрандардан емес, күнделікті әдеттен басталады. Сондықтан ұлттық құндылықтарға негізделген әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу керек, дейді депутат. Салт-дәстүрімізге сай әдепті әрі байсалды сәлемдесудің маңызына Мемлекет басшысының айрықша тоқталғаны белгілі. Президент мұның астарында үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ағайын арасындағы байланысты сақтау сияқты құндылықтар жатқанын атап өткен еді.
Ерлан Сайыр, Құрылтай
депутаты:
Бұл мәселені бір реттік акция немесе тәрбие жұмысы ретінде емес, ұлттық бірегейлікті нығайтатын ұзақ мерзімді мемлекеттік мәдени саясаттың бір бағыты ретінде қарастыруды маңызды. Жаһандану жағдайында әр халықтың өзіндік амандасу мәдениетін сақтау – ұлттық мәдени ерекшелікті сақтаудың бір тетігі.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Білім бе, бизнес пе? Репетиторлық орталықтарды кім бақылайды?
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54