Алматыны 8 бөгет селден қорғап тұр
Алматыны селден қорғауға арналған 8 бөгет бүгінде тұрақты жұмыс істеп тұр. Таулы аумақтағы өзендер мен көлдер де бақылауда. Мамандардың айтуынша, жаһандық жылыну мұздықтардың еруін жеделдетіп, сел қаупін күшейтіп отыр. Қазақстанның биік таулы аймақтарында қазір сел қаупі бар 156 мұздық көп анықталған. Оның 51-і Алматы өңірінде орналасқан. Қала тауларындағы жағдай қазір қандай? Әріптесім Қуан Нұрақын анықтап көрді.
Алматының таулы аймағында сел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі. Табиғи ықтимал қауіптің алдын алу үшін гидротехникалық нысандардың жағдайы тұрақты қадағаланады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Алматы да биік таулардың етегінде орналасқан. Мына мен тұрған сел қаупінен қорғайтын арнайы гидротехникалық құрылыс. Мұндай нысандар таудан келетін жойқын су мен лайдың екпінін тежеуге арналған. Биік таулардың басында 51 мореналық көл бар. Оның 14-інің бұзылу қаупі жоғары болса, ал 6-ауы аса қауіпті санатқа енгізілген.
Мореналық көлдердің басым бөлігі өзендердің бастауында орналасқан. Сондықтан олардың деңгейін бақылау маңызды. Мамандардың айтуынша, Алматыдағы бөгеттердің бірі сел болған жағдайда, үлкен көлемдегі суды ұстап қалуға мүмкіндік береді. Ал мореналық көлдердегі су деңгейі көтерілсе, қауіптің алдын алу үшін арнайы шаралар жүргізіледі.
Үлкен Алматы өзенінің бойында, төменгі жағында Үлкен Алматы қолдан жасалған бөгетіміз бар. Сел келе қалған жағдайда 14 миллион кубты ұстап қалу мүмкіндігі бар. Мореналық судың деңгейі көтерілген кезде оларды сифондық методпен, жарылыс арқылы төмен түсіріп отырады.
Тәулігіне үш рет гидрометеорологиялық жағдай беріліп отырады. Сол жағдайды анализ жасау арқылы күнделікті қарап отырамыз және автоматттандырылған мониторинг жүйесі орналасқан әр көлде. 31 станция бар. Сол станциялар арқылы көлдердің жағдайы тұрақты түрде тәулік бойы бақыланып тұрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы