Биыл мың жарымдай тараздық баспаналы болады
Биыл елімізде жыл соңына дейін 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынып бітуі тиіс. Президент тапсырмасымен тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жеті жылдық жоспар жасалған. Мемлекет басшысы межелі мерзімде Үкіметке 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды тапсырған. Бұл бағыттағы жұмыс Жамбыл облысында да қарқынды. Данияр Әлімқұл тақырыпты толықтырады.
Бүгінде Жамбылда 61 300 адам үй кезегінде тұр. Оның жартысынан көбі Тараз
тұрғындары. Өйткені шаһарда пәтер кезегіндегілер саны соңғы 4 жылда 10 мың
адамға артқан. Кезектің көбеюіне қаланың 2 әкімшілік ауданға бөлініп, көрші аудандардан 14 ауылдың қосылуы себеп.
Бұл
мәселені шешу үшін қала әкімдігі үй
салу ісін үдете түсті.
Биыл қалада 1500 тұрғын баспаналы болмақ. Бұл қатарда алғашқылардың
бірі болып 6 баланың анасы Айнұр Сәрсембиева пәтер кілтін алды. 5 жыл бұрын
кезекке тұрған анаға жаңа тұрпатты 16-шы шағын ауданнан баспана бұйырды.
Айнұр Сәрсембиева, Тараз тұрғыны:
4 бөлмелі үйге қол жеткізіп жатырмыз. Концепция бағдарламасымен 2 пайызбен алып жатырмыз. Тұрғын үй сертификатына өтінім бердім көпбалалы ана ретінде соған қол жеткізіп жатырмыз. Мемлекетімізге үлкен алғысымызды айтамыз.
Биыл облыс орталығында 62 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Оған бөлінген 48
млрд теңгенің 70%-ы ұлттық қордан қаралған. Жыл соңына дейін 29 үйді
пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек биыл әкімдік әлеуметтік осал топтағы
отбасыларды үймен қамту үшін 180 пәтерді сатып алмақ. Бұған
қазынадан 2,5 млрд. теңге бөлінген.
Дамир Жаманбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
2024 жылы біз 670 пәтер дайын күйінде сатып алынған болатын. Қазіргі таңда барлығы таратылып берілді. 2025 жылы бізде 260 пәтер дайын күйінде сатып алып берілді. Бұл қазір құрылысы жүріп жатқан нысандардан бөлек. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тапты. Биыл 180 көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Келер жылы тағы 2 500 отбасы жеңілдетілген пайыздық үстемемен баспаналы болмақ.
Айта кетейік, елімізде Президент тапсырмасымен алдағы жеті жылда 111 миллион
шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Бұл бағытта Үкімет былтырғы жоспарды асыра
орындап, 20 млн шаршы метрге жеткізді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17