«Астана» жаңа құрамын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» жаңа құрамын таныстырды

10.03.2014
«Астана» жаңа құрамын таныстырды
Бүгін «Астана» футбол клубы жаңа құрамын таныстырды. Клуб президенті Қайсар Бекенов ұжымға Қазақстаннан төрт футболшы және үш легионер қабылданғанын айтты. Жалпы, «Астананың» құрамында жеті шетелдік спортшы бар.
 
«Менің ойымша, біз селекциялық жұмысты жақсы өткіздік. Алдымызда чемпион болу міндеті тұр», - деді ол.
 
«Астана» футбол клубы Президенттік кәсіпқой спорт клубымен ынтымақтастық орнатты. Бүгінгі шарада клубтың жейдесі мен жаңа логотипі де көпшілік назарына ұсынылды.  
 
Айта кетейік, 15 наурызда «Астана» өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» командасын қабылдайды.

Хабарламаларға жазылу