Президент Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығында ресми кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығында ресми кездесу өткізді

22.12.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкенттегі халықаралық конгресс орталығында ресми кездесу өткізді. Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұраны орындалды. Қос ел басшылары бір-біріне ресми делегация құрамын таныстырды. Президенттер алдымен шағын құрамда, сосын кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді.

Осы сапар аясында бірқатар жаңа жобаны іске асыру туралы келісімдер жасалуы мүмкін. 

Ақерке Бектас 


Хабарламаларға жазылу