Алматыда ғарышты игеру мәселелеріне қатысты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ғарышты игеру мәселелеріне қатысты жиын өтті

16.04.2019

«Ғарыштық технологияны игеру дамудың даңғыл жолына бастайды». Алматыдағы әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапханада өткен алқалы жиынға осы тақырып арқау болды.

Оған осы салада қызмет ететін белгілі ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысты. Шарада тәлімгерлер кремний туралы зерттеу нәтижелерін таныстырды. Ғалымдардың сөзінше, ғарыштық технологияны игеруде металдың қасиеті мен құрамын жетік меңгерудің маңызы зор. Себебі ғарыш кеңістігінде ұшатын аппараттың ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істеуі металдың беріктігіне байланысты. Сондықтан ғарышты тиімді игерудің ең бірінші бағыты ұшу мен зерттеу құрылғыларын мінсіз дайындаудан басталады.

Гүлмира Сұлтанбаева, саяси ғылымдар докторы:

- Ғарышты меңгеру - жаңа технологияларды ұсыну. Зерттеулерді ұсыну кезінде жастардың жаңа ойлары, жаңа көзқарастары да өте маңызды. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу