Marvel жаңа премьераларын таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Marvel жаңа премьераларын таныстырды

29.10.2014
Marvel жаңа премьераларын таныстырды

Marvel киностудиясы баспасөз-конференциясын өткізіп, алдағы уақытта шығатын жаңа премьераларды таныстырды. Олардың атауы мен қашан экранға шығатыны туралық ақпарат берді.

Соның ішінде Америка капитаны туралы картинаның 3-ші шығарылымы «Бірінші кек алушы 3: Азаматтық соғыс» («Captain America: Civil War») деп аталатын болды.

Ал, «Доктор Стрэндж» туындысы 2016 жылдың 4 қарашасында экранға шығады. Айта кетейік, фильмде басты рөлді актер Бенедикт Камбербэтч  сомдайды.

«Галактика сақшылары 2» картинасы 2017 жылдың 5 мамырына ауыстырылды. Ал, 2017 жылдың 28 маусымында «Тор 3: Рагнарок» («Thor 3: Ragnarok») фильмінің премьерасы өтеді.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 3 қарашасында «Қара қабылан» («Black Panther») жарыққа шығады. Мұнда басты рөлді Чэдвик Боузман сомдайды. Фильмнің кейбір тұсын «Кек алушылар 2: Альтрон дәуірі» картинасынан көруге болады.

2018 жылы 6 шілдеде Marve «Марвел капитмарвеланын» таныстырады. Сол жылы 2 қарашада «Адам еместер» («Inhumans») экранизацияланады, деп хабарлайды kinonews.kz.

Ал, көпшілік асыға күткен «Кек алушылар» туындысының финалдық шығарылымы 2 бөлімнен тұрады. «Avengers: Infinity War» фильмінің 1-ші бөлімі 2018 жылы, 2-ші бөлімі 2019 жылы жарыққа шығады.

Хабарламаларға жазылу