Жүк тасымалдаушыларға Карнет транзит құжаты бойынша еркін жүру құқығы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк тасымалдаушыларға Карнет транзит құжаты бойынша еркін жүру құқығы берілді

05.06.2015
Жүк тасымалдаушыларға Карнет транзит құжаты бойынша еркін жүру құқығы берілді

Қазақстан Үкіметі мен Инвестициялар және даму министрлігінің табанды қызметінің арқасында жүк тасымалдаушыларға Карнет транзит құжаты бойынша еркін жүру құқығы берілді.

Бұл - Халықаралық жүк тасымалдау кітапшасы.

Бурабайда өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшыларының кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырысында көлік транзитіне қатысты осы келісімге  қол қойылды.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі Ресей тарапы бұл құжатты жаратпай тастап, шекарадағы жүк тасымалына шектеу қойып келген. Ресейдің ішкі тәртібіне сай шекарадан өткен әр жүк көлігінен 200 мың теңгеге жуық жарна жиналып келген.

Теодор Каплан, ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағының бас хатшысы: 

Соңғы жылдары көліктік транспорт экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Сондықтан, мұндай оңтайлы шешімнің қабылдануы Қазақстанның Еуразиялық сауда нарығындағы басымдылығын арттыра түседі. Әлем тәжірибесінде мұхитта тасымалдау ұзақ уақыт алады. Ал, құрлықпен жүк жеткізу - Қазақстан мен  өзге елдер үшін тиімді.   

Хабарламаларға жазылу