Басты Жаңалықтар Мектептерде амандасу әдебі үйретіледі

Мектептерде амандасу әдебі үйретіледі

Қазақстанда білім алушылардың амандасу әдебіне қатысты арнайы әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді. Жұмыс тобы ұлттық білім академиясының ғалымдары мен сарапшыларынан жасақталған. Ұсынымдар балабақшадан бастап колледжге дейін енгізіледі. Негізгі мақсат – ұлттық дәстүрді дәріптеу, үлкенді құрметтеу мен кішіге ізет көрсетуді қалыптастыру. Мемлекет басшысының амандасу әдебін ұлттық құндылықтарға сай дамыту жөніндегі тапсырмасы тәрбие жұмысын жетілдіруге негіз болады.

Бөлісу