Қазақстандық деректі фильмге халықаралық фестивальде жүлде берді
Анкара қаласында Түркі әлемінің 11-деректі фильмдер фестивалі өтті. Биыл байқауға түркі мемлекеттерімен қатар Иран мен Грузиядан ұзын-ырғасы 350 фильм ұсынылған. Іріктеу нәтижесінде 156 туынды фестиваль бағдарламасына енді. Байқауда кәсіби режиссерлермен қатар студенттер де бақ сынады. Ал олар ұсынған туынды толықметражды, қысқаметражды, сондай-ақ биыл алғаш рет жасанды интеллект санаттары бойынша бағаланды. Қазақстан атынан екі фильм қатысып, оның біреуі жүлделі орынға ие болды. Отандық режиссер Фариза Танай ерекше күтімді қажет ететін бала тәрбиелеп отырған ана ретінде өзінің өмірін фильмге арқау еткен.
Мұрат Анар, Түркі әлемі деректі филмдер фестивалін ұйымдастыру комитетінің мүшесі:
Биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдерге арналған санаттың енгізілуі. Тақырыпқа шектеу қойылмайды, әр қатысушы өз қалауындағы мәселені көтере алады. Бірі түркі елдерінің тарихы мен мәдениетін арқау етсе, енді бірі өз өмірін көркем бейнелейді. Ең бастысы – туындының айтар ойы.
Фариза Танай, режиссер:
2 жасында қызымның диагнозын білдім. Бір жағы өзім режиссермын, кәсіби маман. Содан кейін осы жағдайды көзбен көріп жатқаннан кейін басқа да ата-аналарға, басқа да аналарға осы жолдан өтіп жатқан көмек болсын, олар да жалғыз емес екенін түсінсін, сіздер сияқты аналар бар. Біз де осылай өтіп жатырмыз, жолымызды деген сияқты бір дүние жасағым келді, солай туған бір фильм болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы