Сарапшы: Адал азамат – әділетті қоғам негізі
Жастар «Адал азамат» болуы қажет. Еліне және өз ісіне адал азаматтар ғана Қазақстанды көркейте алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында осылай атап өткен. Әділетті қоғам әр адамның адалдығы мен жауапкершілігінен басталады. Мамандардың сөзінше, жас ұрпақ әділдік пен адалдықты өмір салтына айналдырса, қоғамда сенім мен сыйластық артып, әділетті ортаның қалыптасуына жол ашылады.
Арнай Байжұрынов, «Jetisu jastary» облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында жастардың әділ әрі жанашыр болуы керектігі айтылған. Бұл өте маңызды. Себебі әділетті қоғам әр адамның өзінен басталады. Жастар адал болып, бір-біріне көмектесіп, өзгеге құрметпен қарауы керек. Сондықтан әрқайсымыз өз ісімізді адал атқарып, еліміздің дамуына үлес қосуымыз қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы