1, 5, 10, 20 теңгелік монеталардың материалдары өзгерді
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 2013 жылы соғылған, номиналы 1, 5, 10, 20 теңгелік монеталарды дайындауға қолданылатын материалдардың өзгергенін хабарлайды.
Бұған соңғы жылдары Ұлттық валюта монеталарының өндірісінде пайдаланылатын металдар құнының өскендігі себеп болып отыр. Сондықтан, монеталардың өзіндік құнын төмендету мақсатында монеталар дайындауда мыс-никель қоспасымен гальваникалық қапталған көміртекті болат қолданыла бастады.
Мұндай материалдардан дайындалған монеталардың өлшемдері бірдей: салмағы мен диаметрі сәйкес келеді. 1,5 және 10 теңгелік монеталардың түсі сары, ал 20 теңгелік монеталар 2013 жылға дейін соғылған монеталар сияқты ақ түсті.
«2013 жылға дейін айналымға шығарылған монеталар және болатты қолдана отырып жасалған монеталар заңды төлем құралы болып табылады және ақша төлемі мен аударымының барлық түрлерінде қабылдануға міндетті», - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53