Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық консультативтік кеңес мүшелерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақордада өткен кездесуге Австрия Республикасының экс-федеральды канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның экс-президенті Александр Квасьневский, Еуропалық комиссияның экс-төрағасы әрі Италия премьер-министрі Романо Проди қатысты.
Кездесу барысында Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі іске асырудың негізгі бағыты, республиканың халықаралық бастамаларын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындық жайы талқыланды. Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай жөнінде пікір алмасылды.
Мемлекет басшысы Қазақстан үшін қызығушылық тудыратын халықаралық аренадағы өзекті мәселелер талқыланатын кездесуді Кеңес мүшелерімен тұрақты өткізіп тұрудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады
27.06.2026, 16:48
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10