G-Global-да дағдарыстың алдын алу Жоспары қарастырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

G-Global-да дағдарыстың алдын алу Жоспары қарастырылуда

27.03.2014
G-Global-да дағдарыстың алдын алу Жоспары қарастырылуда

Жақында G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында «БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың ұзақмерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасы» атты онлайн-конференция өтті.

 
Оған Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі коммитеттің атқарушы директоры Марк Узан қатысты. Сондай-ақ, жиын халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен өтті.
 
Демократиялық  ұстанымдарға негізделген Жоспар қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығудың тиімді  жолдарын табуға, сонымен қатар, болашақ құлдыраулардың алдын алуға бағытталған.
 
2013 жылдың 1 шілдесінен бастап, Жоспар белсенді түрде талқылануда. Осы уақыт аралығында G-Global порталын пайдаланушылар, олардың ішінде халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары, ҮЕҰ, іскерлер және ғылыми орта өкілдері, саясат және қоғам қайраткерлері 13 000-нан астам баяндама мен зерттеу жұмыстарын, 45 000 сараптамалық шолу мен түсініктемелер ұсынып, 300 бейне-конференция өткізді.
 
БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған Жоспардың жобасын Астана қаласында 2014 жылдың 21-23 мамыры аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция қорытындысы бойынша қабылдау жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу