Елімізде электронды сатып алу саласы дамиды

21.11.2014
Елімізде электронды сатып алу саласы дамиды

Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның мұрындық болуымен «Электронды сатып алу мен сауда-саттықтың ашықтығы» атты конференция өтті. Мақсат – электронды мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтық деңгейін көтеру.

Конференцияға қатысушылардың айтуынша, елімізде бұл көрсеткіш 2013 жылы 51 пайыз болған. Ал, 2015 жылы оны 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Болашақта еліміз IT өндірісі дамыған мемлекеттермен бәсекеге қабілетті болады, дейді мамандар.

Хабарламаларға жазылу