«МinTech - 2015» 17-ші халықаралық көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«МinTech - 2015» 17-ші халықаралық көрмесі өтеді

18.05.2015
«МinTech - 2015» 17-ші халықаралық көрмесі өтеді

20-21 мамырда Өскеменде «МinTech - 2015» 17-ші Халықаралық тау-кен өндіру, металлургия және энергетика өнеркәсiбi жабдықтары мен технологиялары көрмесi өтедi.

Көрме Қазақстан Республикасы Үкiметiнің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, «Best & Alliance Group» геологиялық барлау компаниялары тобының, сонымен бiрге өңірдегі ең iрi өнеркәсiптiк кәсiпорын – «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылмақ.

Шараға  әлемнiң 8 елiнің: Австрия, Германия, Швеция, Швейцария, АҚШ, Беларусь Республикасы, Ресей мен Қазақстанның жабдықтар мен технологияларды өндiрушi 70 компаниясы қатысады.

Мұнда тау-кен шахталық, байыту, көмiр өнеркәсiбiне арналған алуан түрлi жабдықтар қойылады.

Көрме шеңберiнде «Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау – тау-кен металлургия кешенiн дамытудың өзекті мәселелері» атты IX конференциясы және «Материал тану мен наноматериалдарға арналған келешектегі технологиялар, жабдықтар мен аналитикалық жүйелер» Халықаралық Қазақстан-Ресей-Жапония ғылыми конференциясы өтеді.

Хабарламаларға жазылу