«Kaspi bank», «Банк ЦентрКредит» және «Альянс Банк» мәлімдеме таратты
|
«Kaspi bank», «Банк ЦентрКредит» және «Альянс Банк» секілді екінші деңгейлі банктер интернет желісінде өздерінің банкроттығы туралы хабарды жалған деп жариялады. Бұл туралы банктердің бірлескен мәлімдемесінде айтылған. «Kaspi bank», «Банк ЦентрКредит», «Альянс Банк» және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы аталған ақпарат Қазақстанның қаржылық жүйесін тұрақсыз ету мақсатында арандатушылық мазмұнға ие екенін хабарлайды», - делінген банктердің мәлімдемесінде.
Атап айтқанда, соңғы күндері Қазақстан тұрғындары күдікті sms-хабарларды алып жатқан көрінеді. Онда аталған банктердің банкроттығы жақындағаны туралы айтылады.
Осы орайда банктер бұл жалған ақпаратты таратушыларды әкімшілік-қылмыстық жауапқа тартқызу үшін құқық қорғау органдарына шағымданған.
«Банк ЦентрКредит» бүгін Бостандық аудандық сотына жалған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін растау туралы талап-арыз бермек. Банк басшылығы қаңқу сөз таратқандарға ресми түрде кешірім сұратуға ниетті.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28