Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толды
Қазақтың көрнекті режиссері, қазақ кәсіби кино өнерінің негізін қалаушы, даңқты актер, КСРО Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толды. Осыған орай бүгін өнерсүйер жұрт пен Аймановтың туыстары оның Алматының орталық зиратындағы бейітіне барып, тәу етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Халық әртісі 1914 жылы 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ұлы тұлғаның ғасырлық мерейтойына орай бүгін сағат 17.00-де «Арман» киноорталығында еске алу кеші өтеді. Шара барысында оның «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық кинокомедиясының жаңа заманға сай өңделген нұсқасы көрсетіледі.
Аймановтың атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, дарынды кинорежиссердің мерейтойы бүкіл Қазақстан бойынша тойланады. Баянауылда және Павлодарда режиссердің мүсіні орнатылады.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орсариевтің айтуынша, өңірде Шәкен Аймановқа ескерткіш қойылған, оның атында мектеп пен мұражай бар. Көктемде Павлодар облысында Шәкен Айманов фильмдері әуендерінің фестивалі болады. Сонымен бірге, облыс орталығында көрнекті режиссер фильмдерінің апталығы өтеді.
Оның есімі қазақ мәдениетінің бір бөлігі іспетті. 2003 жылдан бері Алматыда «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалі өтіп тұрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10