ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті. Нұрлан Әбдіров 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық туралы ақпарат берді. Комиссияның қызметі, референдум учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы жөнінде айтты. Ал халықаралық миссия басшылары саяси науқанды бақылау бойынша жоспарын бөлісті. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, бұл саяси науқанға 38 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушы қатысады.
Омер Коджаман, Түркі мемлекеттері ұйымы миссиясының басшысы, ТМҰ бас хатшысының орынбасары:
Референдум нәтижесі Қазақстан үшін маңызды өзгерістерге жол ашады деп сенемін. Бұл саяси науқан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Дауыс беру ел ішінде ғана емес, шетелдерде де жақсы ұйымдастырылғанын көріп отырмыз. Жексенбі күні Астанадағы және қалаға жақын орналасқан елді мекендердегі дауыс беру учаскелеріне барамыз. Бізді бақылаушы ретінде шақырғандарыңызға алғыс айтамыз. Алдағы референдумның сәтті өтуіне тілектеспін.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14