Ұлттық банк теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты түсініктеме береді
Бүгін Қазақстан биржалық қорының саудасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 186 теңгеге деңгейіне көтерілді. БТА банктің ресми сайтында доллар бағамы 182 теңге көлемінде көрсетілген. Сатылым 1 доллар үшін 190 теңге көлемінде.
Ал Ұлттық банктің ресми сайты істемей тұр. Бүгін Алматыда түскі сағат 13.00-де ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов теңге бағамының күрт төмендеуіне қатысты мәселеге өз жауабын бермек.
Айта кетейік, 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап, ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін кемітуден, теңгенің айырбас бағамын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
ҚР Ұлттық банктің хабарламасында көрсетілгеніндей, АҚШ долларының бағамы 185 теңге көлемінде тіркеледі. Ал Альянс және Цеснабанк көрсеткен бағам 1 доллар үшін 215 теңге көлемінде тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18