«Мұзбалақ Мұқағали» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мұзбалақ Мұқағали»

08.02.2014
«Мұзбалақ Мұқағали»
 
Жырсүйер қауымның қатары жас толқынмен толыққан сайын Мақатаев әлемiне деген оқырмандардың қызығушылығы үдей түсуде.
 
Ақынның жырларын жатқа оқып, оны өзiне ұстаз тұтатындардың саны жылдан-жылға еселеніп келеді.
 
Бұл, бәлкім, оның шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытқан дарындылығынан болар.
 
Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі құбылыс емес. Оның өлмес сөзі, қанатты поэзиясы, қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.
 
Бүгін 17.50-де «Мұзбалақ Мұқағали» арнайы жобасы – Ұлттық арнада.

Хабарламаларға жазылу