Мұқағали Мақатаевтың туған жерінде жыр мүшәйрасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқағали Мақатаевтың туған жерінде жыр мүшәйрасы өтті

09.02.2021

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Қаламгердің туған өңірінде мұзбалақ ақынды ұлықтауға арналған шаралар басталып кетті. Ақынның кіндік қаны тамған Қарасаз ауылында жыр мүшәйрасы өтіп, жаңа кітабы таныстырылды.

Бұл ақиық ақынның ұлттық арнаның алтын қорында сақталған өз дауысы. Мұрағатта ақынның бейнесі де, радиода оқыған мәтіндері мен өлеңдері сақталған. Қаламгердің туындылары бүгінде әнмен өрнектеліп, күймен көмкеріліп, қалың қазаққа насихатталып келеді.

Ақиық ақынның маржан мұрасын жырлап жүрген өнерпаздар Талдықорғандағы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Рамазан Стамғазиев, қазылар алқасының төрағасы:
-Оны тыңдаған қаншама халық, Мұқағали бабамыздың поэзиясымен сусындап жатыр. Қажетті қорек дүниелерді тауып жатыр. Поэзияның құдіреттілігін, қадір қасиетін уақыт өткен сайын, жыл өткен сайын басқа бір қырынан танып жатқан ортаны септігі тиеді деп ойлаймын.

80-нен астам өнерпаз қатысқан байқаудың ақтық сынына 20 әнші өтті. Дәстүрлі ән, эстрадалық орындауда және жеке дауыста шырқаған әншілер ақынның шығармаларына терең бойлады дейді төрешілер. Шараға ТҮРКІСОЙ ұйымының өкілі де арнайы қатысты.

Санжар Мұләзімоғлы, «ТҮРКІСОЙ» халықаралық ұйымының бөлім басшысы:
-Наурыз айында Өзбекстанда ТҮРКІСОЙ мәдениет министрлігінің жиынында шешілетін нәрселер. Міндетті түрде ол бағдарламалар ішіне Мақатаев атамыздың, ұлы тұлғамыз жоспарға кіреді деп үміттенеміз.

Өмірімді өлеңнен бөліп қарама деп жырлаған сұңғыла ақынның әр өлеңі бір ән дейді қатысушылар. Байқаудың екі бағытында да қаламгердің жерлестері топ жарды.

Биыл ақынның мерейтойына орай көптеген шаралар жоспарланып отыр. Суретшілер пленері, ақындар айтысы және бірнеше кітаптың таныстырылым Сондай-ақ онлайн мүшәйралар да өткізілуде.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу