Мәскеуде қазақ ақындарының шығармашылығына арналған көрме басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақ ақындарының шығармашылығына арналған көрме басталды

07.09.2021

Мәскеудегі мемлекеттік кітапханада ұлы Абай, жыр алыбы Жамбыл мен мұзбалақ ақын Мұқағали Макатаевтың шығармашылығына арналған көрме жұмысын бастады. Экспозицияда Ресей және Қазақстан кітапхана қорларының құнды еңбектері ұсынылған. Олардың ішінде Абай туындыларының алғашқы басылымының түпнұсқасы да бар. Түпнұсқа 1909 жылы Санкт-Петерборда араб әліпбиімен қазақ тілінде басып шығарылған. Көрме Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасының «Естелік пен бейбітшілік жолдары» атты халықаралық жобасының аясында өтіп жатыр. Бұл жобаның мақсаты - кітапхана қорлары туралы мәлімет жинап, дерекқор құру.

Баянғали Әлімжанов,жазушы: 
Осындай ұлы кітапханада қазақ әдебиетінің орталығы бар, осыдан бірер жыл бұрын ашылған. Абай атамыздың мұнда қаншама кітаптары тұр, бұл кітаптар Қазақстанның кей кітапханаларында жоқ. Абайдың 1909 жылғы қадым жазуымен шыққан арабша кітабын көріп, өзіміз таң-тамаша болдық емес пе?!

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу