Ақиық ақынға арналған мүшәйра өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақиық ақынға арналған мүшәйра өтті

08.02.2014
Ақиық ақынға арналған мүшәйра өтті
«Өлсе, өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»! Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріндей мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Тұран-Астана» университетінде жас ақындар мүшәйрасы өтті. Ақын өмірден өтсе де, соңынан ерген ізбасарлары бүгінде жырларын жатқа оқиды. Руһы асқақ жырлары мен көркем дастандары қазірде қай оқырманның да жүрегін жаулап алатыны даусыз. Сайысқа қатысқан жас ақындар Поэзия патшасын көз алдымызға алып келгендей әсерде болдық, дейді кеш көрермендері.
 
Айкен Базарбаева, «Тұран-Астана» университетінің студенті:
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Оның әрбір өлеңі сезімге толы. Мейлі Отанға деген сезімі болсын, әкесіне, анасына деген сезімі болсын. Және де ғашықтық жырлары ұнайды.

Хабарламаларға жазылу