800-ден астам домбыра жасаған шебер
«Шебердің қолы ортақ», демекші он саусағынан өнер тамған хас шебер Нарбек Ойратұлы бүгінге дейін 800-ден астам домбыра жасапты. «Шеберлігімнің шыңдала түсуіне әжемнің ықпалы мол болды. Кішкентай кезімде қолыма балға ұстатып, сынық орындықтарды жөндетіп қоятын»,-дейді ол.
«Әкем домбыра шертетін. Домбыраға құмарлық сол кезден басталды. Алғашқыда дүкендегі домбыралардың қақпақтарын қырып, мойындарын жонып, қайтадан аздап өңдейтінмін. Бірде қолыма шауып жасалған домбыра түсті. Сынып қалған екен. Оны да бастан-аяқ өңдеп, жасап шықтым. Содан бері қолымнан домбыра түспей келеді»,-дейді шебер.
Домбыра жасаушыларға ең алдымен, құлақ керек. Өйткені, домбыраның пернесінен төгілетін күйдің үнін ұғып, тапсырыс берушінің талғамынан шыға білу – үлкен өнер.
Тапсырыс беруге келген адамның талғамын дөп басатын Нарбек Ойратұлының жасаған домбырасын Бекболат Тілеухан, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жампейісова, Ардақ Исатаева сынды өнер майталмандары жанына серік етіп жүр.
Шебер жасаған домбырада нағыз қазақы қоңыр үн сақталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53