Қырғыз-қытай шекарасындағы атыста 11 адам мерт болды
Қырғыз Республикасы мен Қытай шекарасында болған атыс кезінде 11 адам оққа ұшты. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Шекара қызметінің Қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.
Атыс кезінде қаруланған топ шекара жасағының ғимаратында қорғанған. Олар келісімге келмегендіктен, қырғыз шекара қызметінің басшылығы шабуыл жасау туралы шешім шығарған.
Атыс кезінде шекара бұзған топ мүшелерінің барлығы оққа ұшқан. Сонымен қатар, қырғыз шекарашысы жарақат алды. Қазір ол медициналық көмек алуда. Ал «Ақ-Шыйрақ» шекара учаскесінде тыныштық орнаған. Оқиға орнында тергеушілер шекарашылармен қақтығысқандардың кім екенін және не үшін мемлекеттік шекараны бұзғанын анықтауда.
Бішкекте шекарада болған оқиғаға ұйғыр сепаратистерінің қатысы бар деген әңгіме айтылуда. Бұл ақпарат тексерілуде. Қырғыз республикасының Сыртқы істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қытайлық әріптестерімен бірге оқиғаға қатысты анықтау шараларын жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, 23-қаңтарда Қырғыз Республикасы мен Қытай шекарасында атыс болды. Қылмыстық топ Қытай арқылы Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзып кіріп, аңшылық шаруашылығының жұмысшысын өлтірген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10