Мысырда перғауынның мазары табылды
Америкалық және мысырлық археологтар осыдан 3 600 жыл бұрын ел басқарған, бірақ күні бүгінге дейін есімі беймәлім перғауынның саркофагын тауып алды, деп хабарлайды Утро.ру. Бұл туралы Мысырдың көне жәдігерлер министрлігі мәлімдеді.
Сенебкай мазары Каирден оңтүстікке қарай шамамен 500 шақырым жерде орналасқан ежелгі Мысыр мемлекетінің көне әрі діни орталықтарының бірі Абидос қаласынан табылған. Пенсильвания университетінің зерттеушілер тобынан құралған ғалымдар сопақша пішіндегі патша тақтайшасына нақышталып жазылған перғауынның есімін алғаш рет оқи алды.
Перғауын сүйегінің қалдықтарын мазар жанындағы көне жәдігерлерді түгелдей тонағандар шашып тастаған. «Бұл мазардың көне дәуірлерде тоналғанын дәлелдейді», - дейді көне жәдігерлер министрлігінің өкілдері.
Археологиялық экспедиция жетекшісі Джозеф Вегнер деректерді «мазардың қарапайым пішіні орта және жаңа патшалық дәуірі аралығының екінші кезеңінде елде экономикалық құлдырау орын алғанын растайды», - деп нақтылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 20:30
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:16
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:11
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 20:00
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын жаңа технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19