Тиін британиялық тұрғынды 11,5 мың доллар шығынға батырды

16.01.2014
Тиін британиялық тұрғынды 11,5 мың доллар шығынға батырды
Британияның Хартлпул қаласының 64 жастағы тұрғыны Маргарет Боусфилд  ойламаған жерден шығынға батты.  
 
Алаңсыз ұйықтап жатқан Маргарет үйін «тонап» жатқан біреулердің дыбысынан шошып оянады. Жатын бөлмесінен қонақ бөлмесіне жүгіре жеткен ол ондағы бар жиһаз, кілем, паркет тіпті пластикалық терезелердің бүлінгенін байқайды. Ал мұның барлығын істеген жалғыз тиін болып шықты деп хабарлайды Independent.
 
Үйге мұржадан байқаусызда кіріп кеткен жануар қорыққанынан бар мүлікті былғаған.
 
Санаулы сағаттың ішінде-ақ ол бөлмедегі бар мүлікке аяқтарының лас ізін қалдырып үлгерген. Боусфилд ханымға бұл жануар бас-аяғы 11,5 мың доллар көлемінде шығын келтіріпті.

Хабарламаларға жазылу