«Shell» 10 000 адамды жұмыстан қысқартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shell» 10 000 адамды жұмыстан қысқартады

04.02.2016
«Shell» 10 000 адамды жұмыстан қысқартады
Өйткені, оның алдыңғы жылғы кірісі 19 миллиард доллар болса, былтырғысы 4 миллиардқа да жетпеген.

Еуропаның ең ірі мұнай компанияларының бірі «Shell» 10 мың адамды жұмыстан қысқартатынын растады. Өйткені, оның алдыңғы жылғы кірісі 19 миллиард доллар болса, былтырғысы 4 миллиардқа да жетпеген.

Осыған дейін бірқатар сарапшылар «Shell»-дің қаржысы мұнай бағасының арзандауына байланысты төмендейтінін болжаған еді. Табыстың азаюы салдарынан голландиялық компания қызметкерлер санын кемітіп қана қоймай, Аляска жағалауында мұнай кенішін барлау жобасынан бас тартуға мәжбүр.

Осы аптада британдық «Бритиш Петролиум» мен америкалық «ЭксонМобил» корпорациялары да шығынға ұшырап жатқаны белгілі болды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу