Австралияда өрттен 70 үй мен 1 мектеп қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда өрттен 70 үй мен 1 мектеп қирады

19.03.2018

Австралияда орман өрті қаулап барады. Тілсіз жау жағалауда орналасқан Татра қаласындағы 70 үй мен 1 мектепті қиратқан. Адамдар дін аман. Алайда, лапылдаған жалын бұл жерді айтарлықтай шығынға батырды.

Татра - Сиднейден 430 шақырымдағы қалашық. Оның 700 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Олар қазір жақын маңдағы Бега қаласында өздеріне арнайы ашылған орталықтарда тұрып жатыр.

Оттың жан-жақты тез шарпуына күшті желден ұшқындаған шоқтар себепші. Өртті сөндіруге  мамандар мен арнайы техника жіберілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу