«Талибан» 20-жылдық соғыстағы жеңісті мерекелеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Талибан» 20-жылдық соғыстағы жеңісті мерекелеп жатыр

31.08.2021

Ауғанстан тәліптері 20-жылдық соғыстағы жеңісін мерекелеп жатыр. Елден кеткен америкалық ұшақтың бортына соңғы болып генерал-майор Крис Донаху отырды. Оның түндегі суретін Пентагон жариялады.

Ал, Кабул мен оның айналасында тәліптер оқ пен фейерверк атты. «Талибан» жеңіске жеткенін Хамид Карзай атындағы әуежайдан жариялады.

«Бұл тарихи күн, тарихи сәт. Біз елімізді ұлы державадан азат еттік», - дейді исламшыл қозғалыстың ресми өкілі Забибулла Муджахид.

Айта кетсек, Американың ең ұзақ соғысы Пентагонның 2500-ге жуық және 240 мыңдай ауғандықтың өмірін қиып, АҚШ-ты 2 триллион доллар шығынға батырды.

«әл-Каида» АҚШ-қа шабуыл жасағаннан кейін Құрама Штаттар тәліптер билігін 2001 жылы тез құлатқанымен, арада 20 жыл өткенде, сол радикалдық топ басшылыққа қайта келіп, Ауғанстан жерінің бұрынғыдан да көп бөлігін бақылауға алып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу