Еуропалықтарды «Элеонора» дауылы әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалықтарды «Элеонора» дауылы әбігерге салды

04.01.2018

Ұлыбритания, Франциядан басталған дауыл Бельгияға жетті. Сағатына 120 шақырыммен соққан жел елдің бірқатар аймақтарын материалдық шығынға батырды. Табиғи апат салдарынан ағаштар үйлерге, автокөліктерге құлап, көшелерді жауып қалды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары қазір жолдарды тазарту жұмыстарын бастады. Дауылдың екпіні сәл басылды. Дегенмен, Бельгияның метеорологиялық орталығының қызметкерлері бейсенбіге дейін қатты жел соғатынын болжап отыр. Осыған орай, елдегі барлық саябақтар жабылды. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу