Журналист Дәурен Қуаттың «Әлқисса» атты алғашқы кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналист Дәурен Қуаттың «Әлқисса» атты алғашқы кітабы жарық көрді

16.05.2015
Журналист Дәурен Қуаттың «Әлқисса» атты алғашқы кітабы жарық көрді

 «Абай-ақпарат» қазақ интернет кеңістігін дамыту қоры» ҚҚ-ның президенті, abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуаттың алғашқы кітабы жарық көрді. «Әлқисса» атты жинағына журналистің  әңгіме, хикаялары топтастырылған.

Біздің анықтама:

Дәурен Қуат – 1973 жылы 10 ақпанда  Алматы облысы, Қапал ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Аудандық «Қапал еңбеккері», облыстық «Жерұйық», республикалық «Халық кеңесі», «Қазақ елі», «Жас Алаш», «Алтын Орда» газеттерінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары және бас редактор қызметін атқарған.

Еуразия жазушылары одағының мүшесі, түркі әлемі ақын-жазушыларына арналған М.Қашқари және Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты.  

Хабарламаларға жазылу